21.08.2022, 19:20
Оқылды: 29

Талдыбұлақта әкім сайлауы

Бүгінгі күн Сырым ауданындағы талдыбұлақтық ағайындар үшін маңызды шешім қабылдайтын күн.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің халқы әкімді мәслихаттың қатысуынсыз өздері таңдайды.

image-21-08-22-04-46-3
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” атты қағиданың орындалуы негізінде жүзеге асырылған сайлауда Талдыбұлақ ауылдық округінде #312 сайлау учаскесінде 300 адамға, Қазақстан елді мекенінде #313 сайлау учаскесінде 90 тұрғынға сайлау бюллетеньдері әзірленген.

Таңғы сағат 7.00-де қос учаскеде еліміздің әнұраны шырқалып, комиссия мүшелері бекітілді.
Түске дейінгі ақпарат бойынша Талдыбұлақ ауылдық округінде 153 тұрғын өз дауысын беріп 51 пайызды құраса, 5 адам денсаулығына байланысты үйден дауыс береді.

image-21-08-22-04-46-6

18 жасар Айгерім Ғұбайдуллина ең алғаш рет сайлауға қатысушы ретінде тіркелді.

- Менің алғашқы жасаған таңдауым елім үшін, туған жерім үшін маңызды шешім деп білемін. Маған өз ауылымның әкімін сайлау бақыты бұйырғанына қуаныштымын. Біз сеніп, қолдап, дауыс берген ел ағалары осы жерге жанкештілікпен қызмет жасайды деген сенімдеміз,- дейді Алматы қаласындағы Халық шаруашылығы университетінің студенті.
Ал, Қазақстан елді мекенінде түске дейін халықтың 50 пайызы дауыс беріп үлгерсе, 2 тұрғын үйден өз таңдауларын жасайтын болады.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале