26.06.2021, 1:18
Оқылды: 40

Талдыбұлақта - жаңа аялдама

Сырым ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылдық округінде Рухани жаңғыру аясында "Туған жер" бағдарламасы бойынша жаңа аялдама ашылды.

5AA14419-21F1-49E1-8E62-8C530A08B85E

Аялдаманың ашылуына ауылдың 2001 жылғы түлектері демеушілік жасады. Ауыл әкімі Даниял Танзенов жерлестеріне қуаныш сыйлаған 2001 жылғы мектеп түлектеріне алғысхат табыстады.

Ауыл тұрғындары атынан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Италиев пен әйелдер кеңесінің төрайымы М.Есенғалиевалар салтанатты рәсімде лента қиып, алғысын жаудырды.

Жерлестерінің қуанышын көріп түлектер атынан Д.Досжанов қолдан келген көмекті аямайтынын айтып, ауылдағы ағайынның ризашылығына бөленді.

А.Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале