23.11.2024, 17:00
Оқылды: 7

Талдықұдық ауылында мал шаруашылығы дамып келеді

Казталов ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік бөлінісінде бір ғана Хайруш елді мекені бар Талдықұдық ауылдық округі мал шаруашылығына маманданған округтердің бірі. Биыл округтегі жылқы, ірі қара, қой мен ешкі саны артқан. Бұл туралы округ әкімі Эльдар Аманғалиев аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиевтің талдықұдықтықтармен кездесуінде айтты.

FB_IMG_1732339798098

— Өткен жылмен салыстырғанда биыл мал саны артты. Дәлірек айтар болсақ, ірі қара 6871, қой мен ешкі 8662, жылқы 834 басты құрады. Қазіргі таңда құс шаруашылығын, бау-бақша кәсібін дамыту мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Округте өндірісті дамыту мақсатында тұрғындарды «Ауыл аманаты» және жаңа бизнес идеяларды қолдауға арналған мемлекеттік грантқа қатыстыру бағытында жұмыстанудамыз, — деді округ әкімі.

Эльдар Талғатұлы өз сөзінде округтің әлеуметтік экономикалық дамуына тоқталып, ауыл шаруашылығынан өзге де салалар бойынша оң серпін бар екенін атап өтті. Қазіргі таңда округте халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ал жиында тұрғындар тарапынан таза ауыз су мәселесін шешу, округ орталығына қатынайтын жолды күтіп ұстау, МӘМС төлемдеріне қатысты сұрақтар қойылды. Тұрғындардың сауалына салалық бөлімжәне мекеме басшылары жауап беріп, толық ақпаратты жеткізді.

FB_IMG_1732339808124

Аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы округтегі өзекті мәселелерді шешу бағытында жұмыстар жүргізілетінін тілге тиек етті. Аудандық мәслихат төрағасы, округтен сайланған депутат Сәрсенбай Меңдіжанұлы тұрғындарға өкілді орган тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Кездесуден соң аудан әкімінің орынбасары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале