25.05.2025, 11:30
Оқылды: 197

Талдықұдық түлектері де тартуларын аяған жоқ

Талдықұдық ауылының  әр жылғы түлектерінің туған ауылына жасаған тартулары көпшіліктің көңілінен шығуда.

IMG-20250523-WA0157

1980 жылғы 45 жылдық түлектер алтын ұя мектебіне радио қоңырау жүйесін орнатып, заман талабына сай жаңғыруға өз үлестерін қосты.

1985 жылғы 40 жылдық түлектер ауыл орталығына LED экран орнатып, ақпарат тарату мен мәдени іс-шараларды ұйымдастыруда маңызды күшке айналдырды.

IMG-20250523-WA0158

1995 жылғы 30 жылдық түлектер ауылдың кіре берісіне жарық шамдар орнатып, ауыл келбетіне көрік қосты.

2005 жылғы 20 жылдық түлектер мектептің мәжіліс залына перде алып, оқушыларға ыңғайлы жағдай жасауға көмектесті.

IMG-20250523-WA0152

2020 жылғы бес жылдық түлектер «Мектеп миссиясы» атты көркем композиция орнату арқылы, білім ордасының рухани маңызын бейнеледі. Туған жерге деген елжанды перзенттердің осындай игі істері – алтын ұя мектебі мен алақандай ауылына деген ыстық ықыластарының айғағығындай. Бұл игілікті дәстүр жас ұрпаққа үлгі, үлкендерге мақтаныш, ауыл өмірінің көркем шежіресіне ұмытылмас тартуға айналып отыр.

IMG-20250523-WA0155

Жыл сайын қайталана беретін түлектер тартуы жалғасын таба берсін!

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале