28.04.2022, 17:15
Оқылды: 53

Тәлімі мол семинар

Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінде 18 жасқа дейінгі және 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектер мен ардагерлер бөлімшесінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қызметкерлерге арналған ақпараттық семинар-кеңес өтті.

IMG_2704

Жиынды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров ашып, қызметкерлерге сәттілік тіледі. Барлық ауылдық округтің әлеуметтік қызметкерлері қатысқан семинардың күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Алдымен 18 жасқа дейінгі және 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге үйден қызмет көрсету бөлімше меңгерушісі Айнұр Алпамысқызы слайд арқылы «Кейс-менеджмент құралдары: терең бағалау жүргізу» тақырыбында баяндама жүргізді.

Ол кейс-менеджменттің 9 қадамына, қажеттіліктерді бағалаудың негізгі міндеттеріне, бала қажеттіліктерінің үшбұрышына, отбасы мен баланың негізгі қажеттіліктеріне тоқталып, баяндама соңында қатысушылармен кері байланыс өткізді.

IMG_2707

Одан әрі арнайы дайындаған слайд арқылы Жаңақазан ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Әсел Қалиоллақызы «Балалардың церебральды сал ауруы» тақырыбын толық ашып, істеген жұмыстары мен көрнекіліктерін көрсетсе, Бірлік ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Анар Серікқызы «Даун синдромы бар балаларды медициналық-педагогикалық қолдау» атты баяндама оқыды. 18 жасқа дейінгі және 18 астан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге үйден қызмет көрсету бөлімшесінің кеңесші-маманы Нұржауған Тілеуқызы «Отбасы эко-картасын құру» туралы айтып, қатысқан әлеуметтік қызметкерлермен кері байланыс жасап, тақырыпты талқылап, семинарды қорытындылады.

Жиын соңында сөз ардагерлер мен мүгедектер бөлімінің бас маманы Гүлжан Жардемғалиқызына беріліп,ол кісі заңдағы өзгерістерді түсіндіру бағытында әлеуметтік қызметкерлерден үш топ құрып, тренинг өткізді. Мұндағы құрылған әр топ өзінің атқаратын қызметтеріне баяндама жазып, проблемаларды шешу жолдарын айтты.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале