15.03.2026, 11:10
Оқылды: 22

Таңдау - халық қолында

Жаңақала аудандық “Жас туристер станциясында” орналасқан №128 референдум учаскесінде сағат күндізгі 10:00-ге дейін 270 көше тұрғыны өз таңдауларын жасады.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 12.10.02

Таңмен таласа дауыс беруге келген тұрғындар алдымен амандық сұрасып, көрісіп алды. “Амал” мерекесімен тұспа-тұс келген референдум барысында учаскелерде тыныштық сақталып, ұйымдастырушылар барлық талаптарды сақтап, әр адамның пікірін есепке алу үшін барлық жағдайды қамтамасыз етті.
- Әр тұрғын, Қазақстан азаматы - өз таңдауын жасауға құқылы деп есептеймін. Мен және менің отбасым учаскемізге келіп, өз міндетімізді атқардық деп білемін. Сонымен қатар, көршілеріміз де, әрәптестеріміз де жанымыздан табылды. Барлығы заң аясында өткізіліп жатыр. Өзге де сала мамандары мен тума-туыстарымызды көрдік. Бұл күн халық болашағы үшін өте маңызды, - дейді Лиза Губашева көшесінің тұрғыны Салтанат Қарекенова.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале