Жәнібек ауданы ұлттық спорт түрлерінің дамуы мен дәріптелуі жағынан ерекше танымал. Аудан тұрғындары үшін бұл спорт түрлері тек дене шынықтыру ғана емес, ұлттық мәдениеттің, дәстүрдің бір көрінісі болып табылады.

Ерекше атап өтуге тұрарлық жайт – аталған спорт түрлерімен айналысатын спортшыларымыз референдум науқанынан да қалыс қалмай, дауыс беруге өз үлестерін қосып, ат дүбірін естіре келді. Олардың қатысуы – тек спорттағы жетістікті емес, азаматтық белсенділікті де көрсетуі болып, жастарға нақты үлгі болып отыр.
Арай Сейфолла,
Жәнібек ауданы
