Бүгін Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының тікелей қолдауымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Гүлнәр Абдрахманова бастаған білікті мамандар бригадасы Казталов аудандық №2 Жалпақтал ауруханасына келіп, жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетті.
Кешенді көмек көрсету барысында облысымыздың штаттан тыс эндоскопист хирург дәрігері Самарбай Мұқанов Жалпақтал ауруханасында алғашқы рет лапароскопиялық әдіспен өт-тас ауруларына ота жасап, Жалпақтал ауруханасының хирург дәрігерлеріне шеберлік сағатын өткізді.
Сондай-ақ, Жалпақтал ауруханасына келген білікті дәрігерлер қатарында кардиолог, кардиохирург, эндокринолог, офтальмолог, онколог, уролог мамандар да алдарына келген пациенттерді арнайы қабылдап, өз кеңестерін ұсынды.
Қабылдауда болған пациенттер дәрігерлер кеңесіне риза болып, білікті мамандарға алғыс білдірді.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы