2.04.2026, 17:45
Оқылды: 8

Тараз төрінде Тасқала театры топ жарды

Көне Тараз қаласында өткен республикалық моноспектакльдер байқауында біздің  Тасқала халықтық театры жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрермен мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Тасқала Тератры фото 2

Театр ұжымы орыс классигі Николай Гогольдің шығармалары негізінде сахналанған «Жоғалу» атты монодраманы ұсынып, ерекше шеберліктерін танытты. Қойылымды қоюшы режиссер Жалғасбек Мырзагереев сахналаған, ал негізгі рөлді актер Бақдәулет Сұлтанмұратов орындады. Қойылым мазмұны мен актерлік шеберлік көрерменді бей-жай қалдырмады.

Аталған шара жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына және 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылды. Байқауға еліміздің 9 облысынан театр ұжымдары қатысып, өзара бақ сынасты.

Тасқала Театры фото 1

Нәтижесінде, Тасқала халықтық театры, басшылығында театр директоры Мағжан Жұмағалиев, жүлделі І орынды иеленіп, үлкен жетістікке қол жеткізді. Қойылымның көркемдік сюжетін  суретші Азамат Өміртаев жасаған.

 

Гүлмира Мақанова

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале