15.10.2018, 11:17
Оқылды: 71

Тарихи-энциклопедиялық кітаптың тұсауы кесілді

Қазталовтағы А.Оразбаева атындағы мектептің 150 жылдық тойында мектеп тарихына арналған «Мектебім - ғасырлар куәсі» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Алма оразбаева (9)

         Киелі шаңырақтың тарихи беттерін жаңғыртуға үлес қосқан шығармашылық топ жетекшісі – жоғары санатты тарих пәні мұғалімі Сайда Сейтжанова:

        -Кітапты құрастырудағы негізгі мақсатымыз – сонау 1868 жылы бастау алған білім ордасының тарихын көрсету еді. Бұрынғы деректерді сұрыптап, жинақтап, толықтырдық. Кітап жазу барысында РФ Орынбор қаласының мемлекеттік архиві, ҚР Президенті архиві және облыстық мұрағат пен оның Қазталов, Жалпақтал филиалдарындағы деректер пайдаланды. Тарихи деректерге сүйенген кітап «Аймақтағы білім беру саласы», «Мектеп тарихы», «Мектебім, менің мектебім!» атты үш бөлімнен тұрады. Әр жылдағы мектеп түлектерінің естеліктері, фотосуреттер, мектепте ізін қалдырған ұстаздардың өмірдеректері осы кітапта. Кітап 100 данамен басылды, - деді Сайда Сейтжанова.

 Кітаптың тұсаукесер рәсімі мектептің ардагер ұстазы, мектепті көп жылдар басқарған азамат Уахит Ищанұлы мен мектептің 1973 жылғы түлегі Президент кітапханасының қызметкері Досқазы Сүйінішовке ұсынылады.

Алма оразбаева (8)

Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале