16.08.2022, 17:45
Оқылды: 26

Тарихи тағылымға толы саяхат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:  «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», - деп биылғы жылды балалар үшін әсерлі өткізуді міндеттеген болатын. 

IMG-20220816-WA0056

Осы орайда балалардың жазғы демалысын мағыналы да қызықты өткізу үшін әрі өткен  мен  болашақты  жалғастырушы мұражайдың  «таусылмас  қазына»  екенін ұғындыру мақсатында Ақжайық ауылылындағы көпбалалы, аз қамтылған жанұялардың балаларын  Орал қаласына арнайы апардық.

«Мұражай - тарих айнасы» деп аталған саяхатымыз Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығынан басталды. Мұражайдағы ақынның мемориалдық кабинетімен, кітапхана бөлімімен және көрме залымен толықтай таныстық. Одан соң ата-бабамыздың тарихын,  тарихи-мәдени  ескерткіштерін насихаттаушы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына бас сұғып, маңызды мағлұмат алдық. Жазғы демалыс күнін биологиялық  орталықтағы  хайуанаттар бағында жалғастырдық.

Тарихи тағылымға толы бір күндік саяхаттан жақсы көңіл-күймен ауылымызға оралдық.

Орынша Түсіпқалиева,

Теректі ауданы 

Ақжайық ауылы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале