Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын айтулы жетістіктермен қарсы алып отырғандығымыз туралы нақты айтылған. Ең бастысы, Елбасы сындарлы саясат жүргізіп, әлеуеті зор нарықтық-экономикалық жүйе қалыптастырып, егемен елдің әлем елдері арасынын ойып тұрып орын алғандығын айқын дәлелдеді. Ендігі кезекте осы жетістігімізді еселеп арттыру - ел ынтымағы мен тұтастығына байланысты. Тәуелсіздіктің мән-мағынасы тереңде жатқаны кәдік. Себебі осы тәуелсіздік һәм азаттық жолында ата-бабаларымыз талай қан төгіп, азапмұң шекті. Мұның бәрі Тұңғыш Президентіміздің мақаласында ашық әрі дәйекті тілмен анық жазылған.
Жалпы, қай уақытта да сұрапыл соғыстар ел мен жерді қорғау үшін болған. Сондықтан халықтың бірлігі мен ынтымағы ең бірінші орында екенін Елбасы Н.Назарбаев ордалы отыз жылдың ішінде дәлелдеп берді. Ал адамды қандай қиындықтан да алып шығатын басты ұстаным, бұл – еңбек. Халқымыздың бірлігі мен татулығы жарасып, әр адам ел үшін еңбек етсе, тұрмысы да жақсаратыны сөзсіз. Ұлттар арасындағы татулықты сақтау үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымын құру - осының басты айғағы. Тәуелсіздік осындай тар жол, тайғақ кешулер мен соқтықпалы, соқпақты замандардан аман өтіп, өзінің арналы жолын тапты. Отыз жылдың ішінде шекарамыз шегенделді, атом қаруынан өз еркімізбен бас тартып, бүкіләлемдік ядролық қарусыздану көшін бастадық. Сарыарқаның төріне елорданы көшірдік. Біріккен Ұлттар Ұйымына төрағалық ету, еліміздің қай-қай саласын дамыту үшін аянбай күш-жігерін салып, алға болжам жасау, стратегиялық жоспар құрып, сол жоспар бойынша алға басып, елімізді дамытуға орасан зор үлес қосқан Тұңғыш Президентіміз Н. Ә.Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз. Елбасы айтқандай, «Тәуелсіздік те бақыт сияқ-
ты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды». Сондықтан да бірлігіміз бекем болып, еліміздің қарқынды дамуына өз үле-сімізді қосайық дегім келеді.
Рухолла Саматов,
«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары