13.12.2019, 15:12
Оқылды: 21

Тарихтан сыр шерткен банерлер ілінді  

Бөкей ордасы ауданының Сайқын және Хан ордасы ауылдарындағы көше бағандарына батырларымыз бен танымал тұлғаларды, тарихи ғимараттарды дәріптеген банерлер орналастырылған.

 orda (4)

Аудан тарихына есімдері алтын әріптермен жазылған тұғырлы тұлғаларды сайқындықтар Т.Жароков, Б.Жәнекешев және Қазақстан көшелерінен тамашалап жүр. Көлемі 60х40 сантиметрды құрайтын 32 банер жасауды Сайқын ауылдық округі «POSTMAN PR» жарнама агенттігіне тапсырған. Оған қордан 1440,0 мың теңге жұмсалған. Жалпы әр банердің құны 45,0 мың теңгеге бағаланған.

orda (5)

Хан ордасы ауылындағы банерлер саны жағынан аз болғанымен, көлемінен едәуір үлкен. Яғни, Бөкей ордасы ауданының мәдени орталығында 100х200 сантиметр көлеміндегі тоғыз банер бар. Әрқайсысы 90 мың теңге тұратын бұл банерлерді «РекКом» жарнама агенттігі дайындаған. Ауданның негізін қалаушы хандар мен Совет одағының батырларын, Қазақстанда алғаш болып ашылған мектеп ғимаратын, елдегі елеулі тұстарды қамтыған банер дизайнын ханордалық Мират Қоржынбаев ойластырған. Әрі олар Жәңгір хан көшесін бойлап ілінген.

orda (3)

Айта кетелік, тарихтан сыр шерткен банерлер жарықтандырылған. Демек жерлестеріміз оны күндіз ғана емес, түнде де көру мүмкіндігіне ие.

Раушан Жанат

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

orda (1) orda (2)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале