13.04.2017, 17:59
Оқылды: 45

«Тарихты ұлт жадында орнықтыру идеясы құптарлық»

Елбасымыздың «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласын мен де зейін сала оқыдым.

«Әуелі экономика, сосын саясат» қағидасын ұстанған Нұрсұлтан Әбішұлы бұл жорықта рухани жаңғырудың қажеттілігіне тоқталыпты. Және те оған қалай қол жеткізуге болатынын, жүзеге асырылуға тиісті жобалар хақын да нақты баяндапты. Маған, әсіресе, ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартып, елді мекендерді абаттандыруды, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейтін бағдарлама қатты ұнады.

Елбасымыз айтқандай, орта мектепте туған жердің тарихы оқытылып, елді мекен атаулары, танымал тұлғалары туралы әңгімеленсе, ол сыр жас өскіндер жүрегінде жатталып, патриоттық сезімдерін қалыптастырары хақ. Сондай-ақ Ұлы Даланың біртұтас желісін – Ұлытау төңірегіндегі жәдігерлерден бастап Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру идеясы да құптарлық. Бұл маған кеңестік дәуірде қалыптасқан «Капустин Яр – Байқоңыр – Балқаш» атом сынағы дәлізіне қарсы бағытталған ізгілікті бастамадай көрінді. Ізгі ниет, жақсылық бәрін жеңеді.

Чарльз ҚОЙШЫБАЕВ,

еңбек ардагері

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале