Өткен аптада Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жанболатов, Жаңақала ауылдық округінің әкімі Абзал Ахметов аудан орталығына кезекті рейд жүргізді.
Мониторинг топ мүшелері аудан орталығындағы азық-түлік дүкендерін аралап, карантиндік тәртіп-ережелерді қадағалады. Сонымен қатар, тұрғындардан және жеке кәсіпкерлерден карантин талаптары әлі де сақталатынын, өзінің және жақындарының денсаулығы үшін қарапайым ережелер мен санитарлық талаптарды қатаң сақтауын талап етіп, заң талабына бағынбағандарға ескертулер айтты. Қазіргі таңда ауданымыздағы мониторинг топ жұмысы күшейіп жатыр. Алдағы уақытта да аудан орталығына күнде рейд жүргізілетін болады.
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz