Жуырда Жаңақалада Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған еркін күрестен аудандық ашық турнир өтті. 2004-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен жарысқа Атырау облысы Индер ауданының, Казталов, Тасқала, Ақжайық аудандарының жас палуандары қатысты.
Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен өткен ашық турнир жоғары деңгейде болды. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жанболатов құттықтау сөз сөйлеп, палуандарға сәттілік тіледі. Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жайсаң Есекенов келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша ауданымыз командалық есепте І орынды жеңіп алды. Казталов ауданы күміс жүлдеге ие болса, Ақжайық ауданының командасы үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль мен дипломдар табысталды.
Жанайдар Болатбекұлы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
zhaikpress.kz