Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Ойыл ауданы әкімдігінің қолдауымен, облыстық халық шыңармашылығы орталығы мен Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек жолындағы жаңғырған «Көкжар жәрмеңкесі» аясында «ТАРЫ-FEST» атты республикалық этнофестиваль өтті.
«ТАРЫ-FEST» атты республикалық этнофестиваліне Ақтөбе облысы бойынша Ойыл, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Хромтау, Шалқар аудандары, Ақтөбе қаласы, Атырау облысынан Қызылқоға және Батыс Қазақстан облысынан Қаратөбе ауданы қатысты.
Байқау алаңында бірдей көлемде таратылған тарыдан мына аталымдар бойынша байқау ұйымдастырылды. Оған Қаратөбе ауданынан «Тары қуыру, тарыны келі-келсаппен түю және ұшыру» аталымы бойынша Жамбыл мектебінің математика пәнінің мұғалімі Гүлбану Қасымова, Жастар мен балалар бөлімінің маманы Сәнжан Байтеміров, «Тарыдан жасалатын тағамдардан шеберлік сағаты» аталымы бойынша Жастар мен балалар бөлімінің меңгерушісі Марина Искакова, «Қолөнер бұйымдары» және «Кимешек шеруі», «Шылауыш» үлгісі орта жастағы және жас келіншектерге арналған кимешектер топтамасы аталымдары бойынша көркемөнерпаздар бөлімінің меңгерушісі Аяжан Исмағұлова, «Диірмендер шеруі» аталымы бойынша «Ауыл әуендері» ФА-нің аккомпонияторы Гүлайым Кайргалиева, мерекелік бағдарламада Жыр орындаудан «Сыпыра жыраудың термесі» аталымы бойынша Саралжын ауылдық мәдениет үйінің маманы Олжағали Еркебұлан Бекболатұлы қатысып, өнерлерін ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша Қаратөбе ауданы ІІІ орынды иеленіп, 300 мың теңгенің сертификатын иеленді.
Ерболат Мырзағұлұлы,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz