Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Достық ауылдық округінде шағын спорт алаңының салтанатты ашылуы өтті.
Шараға қатысқан аудан әкімі С.Әлиев ашылып жатқан нысанның өскелең ұрпақтың тек бос уақытын қамтып қоймай, салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал ететінін атап өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің әр ауылдық округтеріне арнайы қордан қаржы бөлінген болатын. Бүгінгі ашылып жатқан шағын спорт алаңы осы қаражат арқылы салынды. Жалпы сомасы 6 млн. 781 мың теңгені құрайтын алаңды «Жаса» ЖШС» әлеуметтік-өндірістік мекемесі салды.
Ж.Құсайынов
Тасқала ауданы
www.zhaikpress.kz