Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Тасқаладағы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябақта «Тәуелсіздікке тарту» монументінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімі С.Әлиев және ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Балыков қатысып, жиналғандарды мерекелерімен құттықтады.
- Мәдени мұра саналатын монумент бүгіннен бастап аудан орталығына сән беріп, бой түзеп тұрмақ, - деді Санжар Жұматайұлы өз сөзінде.
Айта кетейік, монумент авторы - Болатбек Баймағамбетов.
Манас Маратұлы
Тасқала ауданы
www.zhaikpress.kz