Дариян мен Озерный ауылының күллі мұсылман халқы жыл сайын Рамазан айы басталмас бұрын мал–жанның амандығы, елдің бірлігі, егін бітік шығып, молшылық болуын, көктен жаңбырдың жиі жауып, жер құнарлы болсын деген мақсатта ауыл-ел болып жиналып, ақ ниетпен тасаттық садақасын ұйымдастырып келеді.
Игі дәстүр биылда жалғасып, дастархан басына жиналған ауыл ақсақалдары сауабы мол шарада жамағатты сабырлыққа, қайырымдылыққа, шыдамдылыққа шақыратын уағыздар айтып, қасиетті тасаттық садақасының қадір-қасиеті жайында ой қозғады.
Шарапаты шараға қатысқан ауыл әкімі Болат Ерболатов:
- Қайырымы мол шаралар бастау ала берсін! Ойлаған жоспарларымыз іске асып, мұратымыз асыл болсын! Тағылымды істерге бастамашы болып отырған азаматтарға Алла разы болсын,-деген тілегін жеткізіп, демеушілік танытқан Орал қаласының тұрғыны Ғаділ Батыровқа алғысын білдірді.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Зеленов ауданы
zhaikpress.kz