23.04.2025, 15:15
Оқылды: 353

Ташкент төріндегі жеңіс

Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкентте самбо күресінен Азия чемпионаты өтті.

FB_IMG_1745355531015 (1)

Жеті күн бойына боз кілемнің шаңын қаққан 22 мемлекеттен келген палуандар жасөспірімдер, жастар, ересектер болып, өзара мықтыны анықтаған еді.

IMG-20250421-WA0039 (1)
Жарыс барысында Батыс Қазақстан өңірінің намысын қорғаған 79 келі салмақтағы Аман Алмағанбетов (Шыңғырлау ауданы) І орын, 71 келі салмақтағы Мәлік Төлегенов (Казталов ауданы) ІІ орын,  64 келі салмақтағы Санат Берсебаев (Сырым ауданы) ІІ орын, 64 келі салмақтағы Сансызбай Төлегенов (Казталов ауданы) ІІІ орын, 71 келі салмақтағы Қайсар Құсайынов (Шыңғырлау ауданы) ІІІ орын, 98 келі салмақтағы Ержан Абатов (Казталов ауданы) ІІІ орын, 88 келі салмақтағы команда жетекшісі Айдынбек  Жасмұханбетов (Казталов аданы) ІV орын иеленіп, өңір жұртшылығын зор қуанышқа бөледі.

IMG-20250423-WA0009 (1)
Қазақ елінің даңқын асырып, шеберлер арасынан жүлдегерлер қатарынан табыла білген үздік палуандарымызға жеңісті күндеріңіз көп болсын дейміз!

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале