Өзбекстан мемлекеті, Ташкент қаласында өткен “Nauruz Tashkent fest” байқауында сырымдық “Айналайын” үлгілі би ансамблі аса сәтті өнер көрсетті.
Би ұжымының орта тобы “Қызғалдақ” биімен 1 орынға ие болса, үлкен топ, ”07-Футбол” музыкалық қойылымымен осы жетістікті қайталады.
Ал ансамбльдің толық құрамы “Қара жорға” биімен фестивальдік бас жүлдесін жеңіп алды. Сөйтіп, Жымпитыдағы ORTA дарынды балалар орталығының оқушылары халықаралық байқауды бағындырды.
Өзбек халқы біріншіден шаруақор, бір жағынан болмысында биші халық. Бірақ, “Айналайын” билеген “Қара жорғаның” толқыны алашапанды ағайынның көңілін тербемей қоймады. Ансамбль жетекшісі - Гүлшат Нұрмұханова. “Айналайын” енді Бурабайда өнер көрсетеді.
Б. Ширмединұлы,
Сырым ауданы