29.12.2021, 15:15
Оқылды: 78

Тасқала ауданы әкімі қызмет барысымен танысты

Жуырда Тасқала ауданы әкімі Бауыржан Айтмағамбетов, аудандық мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева аудан орталығындағы бірқатар нысандарда болып қайтты.

25

Аралау барысында ең алдымен Тасқала аудандық жұмыспен қамту орталығында барды. Аудандық жұмыспен қамту орталығы азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларын жүзеге асырып отырған мекеме. Мекеме заман талабына сай жабдықталып, тұрғындарға өз қызметтерін көрсетіп отыр. Бүгінгі күні орталықпен көрсетіліп отырған қызметтер арасында әр түрлі санаттағы азаматтарға шағын несие және қайтарымсыз грант беру қызметтері аудан тұрғындары арасында сұранысқа ие.

26

Биылғы жылы орталықпен 123 тұрғынға 70 млн-нан астам қайтарымыз грант пен 60 млн-ға жуық несие берілген. Аудандық жасөспірімдер мен балалар спорт мектебі 600 астам оқушыны қамтып отыр. Күрес, жекпе-жек, қол күресі, футбол, волейбол және басқа да спорт түрлерінен жаттығып келеді. Оларға спорт түрлерінің қыр-сырын үйретіп жүрген 31 жаттықтырушы жұмыс жасайды.

Жас спортшыларымыз аудандық, облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр. Қазақстан чемпиондары, Азия чемпионатының жүлдегерлері мен Әлем біріншілігінің қатысушылары да осы мектепте тәлім алуда. Ауданымыздың бүлдіршіндеріне қолөнер, драма, телестудия, робототехника секілді өзге де үйірмелер аудандық балалармен мектептен тыс жұмыс орталығында қолжетімді. Бүгін орталыққа 300 астам оқушы келіп, түрлі үйірмелерге қатысып жүр. Оқушылардың робототехника үйірмесіне деген қызығушылығы зор. Үйірмеде 90-ға жуық оқушы бар. Оқушыларымыз әр түрлі деңгейлердегі сайыстардың жүлдегерлері.

Тасқала ауданында да бірнеше мәрте облыстық деңгейдегі сайыстар ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта робототехника жиынтықтарын толығымен меңгерген оқушылар, шығармашылық жұмыспен жұмастанып келеді. Бірнеше оқушы робототехника бөлшектерін пайдалана отырып, әр түрлі музыкалық аспаптарды құрастыруда. Оған қоса, аудан әкімі биыл ашылған «Дияр» орталығының жұмысымен де танысты. Айта кетсек, «Дияр» орталығы аудан тұрғындары үшін отбасылық демалысты ұйымдастырып келеді. Аралау барысында аудан әкімі аудандық электр желілері торабында болды. Аталмыш мекеме басшысы аудан әкімін ағымдағы жағдаймен таныстырып, ауданды электроэнергиясымен қамтудағы негізгі мәселелерге тоқталып кетті. Солардың ішінде мамандардың жетіспеуі өзекті болып отыр. Қазіргі таңда, мекемеде 12 қызметкерге сұраныс бар. Жалақы және өзге де себептерге байланысты бұл қызмет түрі өкінішке орай жас мамандардың қызығушылығына бөленбей отыр. Мекеме басшысының сөзінше маман тапшылығы мекеме қызметіне айтарлықтай кедергі келтіруде. Бірақ, бұған қарамастан мекеме өзіне жүктелген міндетті толыққанды жүзеге асыруға тырысып келеді. Аудан әкімі осы кездесу аясында қызығы мен шыжығы мол қызмет иелерін энергетика саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале