2.06.2024, 12:00
Оқылды: 53

Тасқала ауданы Достық ауылында әкім сайлауы өтуде

Бүгін, Достық ауылдық округінде орналасқан №336 сайлау учаскесінде ауылдық округ әкімінің сайлауы басталды.

InShot_20240602_114701946

Алдымен еліміздің Әнұраны ойналып, комиссия мүшелері мен сайлауға жиналғандар көк туымызға қарап сап түзеді. Содан соң Заңға сай сағат 7:00де сайлау науқаны басталды. Айта кетейік ауыл тұрғындары сайлауға ертемен келіп үлкен белсенділік танытуда. Сайлау комиссиясының төрағасы К.Аюпов сайлауға келіп өз таңдауын жасаған алғашқы сайлаушыға естелік сыйлық табыс етті.

IMG-20240602-WA0010

336 сайлау учаскесінде өтіп жатқан сайлау жұмысына "AMANAT" партиясы мен "Жария" және "Абырой" қоғамдық бірлестіктерінің байқаушылары қатысуда. Олар сайлаудың әділ өтуін жіті бақылауда.

Алғаш рет өз дауысын берді

Достық ауылдық округінде орналасқан 336 сайлау учаскесі бойынша 337 сайлаушы болса, оның екеуі – алғаш дауыс берушілер. Ал, 15-і үйден дауыс беретіндер қатарында. Бүгін Жанарыс Сабырғалиевте ертемен келіп алғаш рет өз дауысын берді.

InShot_20240602_115258467

- Мен, бүгін алғаш рет сайлаушы ретінде өз таңдауымды жасадым. Өйткені бүгінгі сайлауда ауылымыздың болашағы үшін әр сайлаушының дауысы маңызды. Сондықтан, ауылдастарымды сайлауға біркісідей қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын - дейді ол өз сөзінде.

Жанарыс Жанболатұлына алғашқы дауыс беруші ретінде 336 учаскелік сайлау комиссиясының атынан естелік сыйлық табысталды.

Дауыс берушілер белсенділік танытуда 

336 сайлау учаскесіндегі сайлау науқаны жалғасуда. Толассыз жауған жаңбырға қарамастан дауыс берушілер қатары сиреген жоқ. Барлығы да елдің болашағы, ауылдың тағдыры үшін өз таңдауларын жасауда. 

InShot_20240602_115810046

- Мен осы ауылда туып, осы жерде өскен адаммын. Сондықтан, ауылдың тағдыры мені бей-жай қалдырмайды. Бүгін таңмен сайлау учаскесіне келіп өз таңдауымды жасадым. Өз басым дұрыс таңдау жасадым деп есептеймін. Болашақ басшымыз халықпен етене араласып, ауылымыздың қарыштап дамуына өз үлесін қосады деп сенемін, - дейді 6 баланың әкесі, зейнеткер Адел Исагалиев.

Жанұясымен келіп дауыс берді 

Достық ауылында сайлау процесі қалыпты өтуде. Келушілер қатарында жанұяларымен келіп дауыс берушілер де бар. Оған Нұрғалиевтер мен Жұбандықовтар отбасылары куә.

InShot_20240602_120142773

- Сайлаудан қалмаймыз. Отбасымызбен келіп дауыс беру әдетімізге айналған. Бүгін де сол әдетімізден жаңылмай өзіміздің азаматтық ұстанымымызды білдіруге келдік. Халықтың қолдауымен сайланған жаңа әкім нен күтер үмітіміз мол. Ол елдің болашағы үшін аянбай тер төгіп, оның өсіп өркендеуіне өз үлесін қосады деп сенеміз. Ылайым да солай болғай!, - дейді отағасы Тұрсынғали Жұбандықов.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале