27.02.2026, 17:50
Оқылды: 12

Тасқала ауданы: Кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары өкілдері референдумның маңызын талқылады

Тасқала аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында референдум бойынша шаруа қожалықтары басшылары, кәсіпкерлермен кездесу өтті. Жиынға аудан әкімі Талғат Шакиров, аудандық маслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, маслихат депутаты Есенмұрат Көшербаев қатысты. Басқосуда алдағы 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумның маңызы түсіндіріліп, Жаңа Конституцияны қолдау мәселесі кеңінен талқыланды.

референдум кәсіпкерлер 2

Кездесу барысында сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенгалиева елімізде жүзеге асып жатқан реформалардың негізгі мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың құқықтық мүмкіндіктерін кеңейту екенін атап өтті. Ол тұрғындарды ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.

Аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Есенмұрат Кущербаев та өз пікірін білдіріп, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерліктің тұрақты дамуы заңнамалық негіздің нығаюымен тығыз байланысты екенін айтты. Оның сөзінше, референдум – әр азаматтың мемлекет дамуына қосатын нақты үлесі.

референдум кәсіпкерлер

Жиын барысында кәсіпкерлер мен шаруаларға елдегі тұрақтылық пен бірлік экономикалық өсімнің басты кепілі екенін атап өтіп,  15 наурыз күні өтетін референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

 

Еламан Құспанов

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале