6.01.2026, 10:15
Оқылды: 54

Тасқала ауданы: «Жас барыс» жеңімпазын қабылдады

Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров Астана қаласында өткен «Жас барыс» халықаралық турнирінің жеңімпазы Эльнар Жанболатұлын қабылдады. Қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, аудан әкімінің орынбасары Әли Бердешев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан, аудандық спорт клубының директоры Махамбет Дүйсенбиев және спортшының алғашқы бапкері Еркебұлан Мұсағалиев қатысты.

WhatsApp Image 2026-01-05 at 16.30.45 (1)

Кездесу барысында алдымен сөз алған аудан басшысы Талғат Асқарұлы аудан спортшыларының жетістіктеріне тоқталды.

«Ауданымыздан талантты, мықты спортшылар өсіп шығып жатыр. Бүгін арамызда Тасқала топырағынан түлеп ұшқан спортшы Эльнар отыр. Қазіргі таңда жақсы нәтижелер көрсетіп, қазақ күресінен аудан абыройын асқақтатып жүр. Өзіңдей, жастарға үлгі болар спортшылар көп болсын. Сендерге үлкен сенім артамыз. Халықаралық турнирде жеңіске жету үлкен жетістік. Тек биіктерден көріне бер», - деді ол өз сөзінде.

Кездесу соңында Талғат Асқарұлы «Жас барыс» жеімпазының алғашқы бапкері Еркебұлан Сапарғалиұлына Алғыс хат пен 50 мың теңге көлеміндегі сертификатты  табыстаса, турнир жеңімпазы Жанболат Элнарұлын Алғыс хатпен марапаттап, астына  ат мінгізді.

WhatsApp Image 2026-01-05 at 16.30.46 (2)

Өз кезегінде жеңімпаз көрсетілген құрметке алғысын білдіріп, осындай қолдаулар спортшы үшін үлкен мотивация екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-01-05 at 16.30.46 (1)

Айта кетейік, 100 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз Эльнар Жанболатұлы ағымдағы жылы бірқатар жетістіктерге жетіп, аудан абыройын асқақтатып жүрген спортшының бірі. Тоқтала кетсек, Оралда өткен Жастар арасында ел чемпионатының күміс жүлдегері, Қостанайда өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионатының күміс жүлдегері, Түркістанда өткен ЖОО студенттері арасында ХІІ жазғы универсиадасының қола жүлдегері, Түркістанда өткен Ересектер арасында Әлем Кубогінің күміс жүлдегері атанған болатын.

 

Болатбек Сапағалиев,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале