8.12.2025, 16:47
Оқылды: 47

Тасқала ауданында 100 жасаған анаға  құрмет көрсетілді

Аудан әкімі Талғат Шакиров 100-ге толып,  ғасыр жасаған ардақты ана  Жібек Төлеушеваны мерейтойымен арнайы  құттықтады. Салтанатты шараға   аудан әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллин, аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Жәрдемғали Балыков және округ әкімі Әсет Хайыршақов қатысты.

89168702-950e-428e-b904-df7d0195a0d2

Кездесу барысында аудан басшысы Талғат Асқарұлы ғасыр жасаған анаға  арнайы құттықтау хатын және  гүл шоғы мен естелік сыйлықты табыс етті. «Жібек әжейдің жасы құтты болсын. Ұрпақтары аман болып, көргені қуанышқа ұлассын. Жүз жасқа толу  әркімге бұйыра бермейтін үлкен мерей. Осы апамыздың жасын беріп, бейнетін емес, зейнетін көрсетсін. Ортамызда бәйтеректей болып жүре берсін. Қарты бар ел-қазыналы ел. Үлкендеріміз аман болып, артында қалған ұрпағы жалғасын тапсын»,-деді аудан әкімі өз сөзінде.

Айта кетсек, Жібек Мырзағалиқызы 1925 жылдың 5 желтоқсанында қазіргі Батыс Қазақстан облысы аумағында қарапайым еңбек адамдарының отбасында дүниеге келген. Балалық шағы жоқшылық пен қиындыққа толы кезеңге тұспа-тұс келді. Тағдыр сынына мойымаған, әжей жас күнінен колхоздың қара жұмысына араласып, ел тұрмысының жеңілдеуіне өз үлесін қосты. Бүгінде Жібек әжей тыл еңбеккері, елдің ардақты анасы, ғасыр жасаған кейуана. Оның өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі, тарих үшін баға жетпес мұра.

Қазіргі таңда әжей тұңғышы Ақкербез апамен бірге 1 Шежін ауылында тұрып жатыр. Көпті көрген, өмір белестерінен сүрінбей өткен ақ жаулықты ана ауыл-аймаққа сыйлы, қадірлі жан.

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале