Жыл басынан бері Тасқала аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес сотталған 17 адамға қатысты жазасынан босату және өтелмеген мерзімін қысқарту туралы ұсыныстар қаралып, қанағаттандырылды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш заңның 2-бабы 1 және 2-бөлігіне сәйкес онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыс жасаған 11 адамды жазадан босату туралы қаулы шығарылды.
Заңның 4-бабы 1-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары негізінде ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмаған балалары бар екі және 55 жастағы бір әйелге, сондай-ақ бір жасөспірімге қатысты жазаларының өтелмеген бөлігінің тең жартысы қысқартылды. Оған қоса заңның 4-бабы 2-бөлігіне сәйкес ауыр қылмыс жасаған екі адамның жазасының өтелмеген бөлігінің төрттен бірін қысқарту туралы қаулы шығарылды.
zhaikpress.kz