Бұл туралы аудандық білім бөлімінің бас маманы Гүльмира Батырғалиеваға мәлім етті. Оның айтуынша, 140 мектеп бітірушінің 98-і тестілеуге қатысуға өтініш білдіріп отыр. Аудан бойынша «Алтын белгіге» үміткер 14 түлек бар екен.
-Мектеп бітірушілер былтырғы жылғыдай екі емтихан тапсырады. Олар: мектепте өтетін қорытынды аттестация және тестілеу пункттерінде өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу. Жоғары оқу орнына түсу емтихандары 5 пәннен тұрады. Оның ішінде 3 міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән. Максималды балл - 140. Шекті деңгей – 50 балл. Барлық білім ордаларында емтихан 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді, - деді Гүльмира Боранғалиқызы.
Жыл сайын білім көрсеткіші бойынша алдыңғы үштіктен көрініп келе жатқан тасқалалықтар биыл да оң нәтиже көрсетеді деп сенеміз.
Е.ЕЛЕКЕНОВ,
Тасқала ауданы