22.02.2024, 23:00
Оқылды: 79

Тасқала ауданында «Алау» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

Бүгін Тасқала ауданының «Шұғыла» жазғы демалыс орталығында аудандық «Алау» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанаты өтті. Жиынның мақсаты - жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру, Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау.

фото шұғыла 3

Аталмыш шараға Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазиз, аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Касимовна және ауған соғысының ардагерлері қатысты. Алғашқы құттықтау сөз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазизға берілді.

фото шұғыла

- Қайырлы күн сайысқа қатысушы өрендер. Ауған Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылғанына биыл 35 жыл. Осыған орай әр-түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Қан көрген, соғыс көрген, ағаларымыздың жолын бермесін.  Барлықтарыңызға  сәттілік тілеймін. Еліміз тыныш, еліміздің шетін жау алмасын. Өсіп келе жатқан ұрпақ рухы мықты, патриот болып өссін. Ауа райына қарамай шәкірттерін әкеліп отырған ұстаздарға, жетекшілерге, жаттықтырушыларға  үлкен рахмет. Шәкірттеріңіз биіктерден көріне берсің, - деді Ішкі саясат басшысы Думан Ғазиз.

Назерке Шайхоллақызы,

Тасқала ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале