Жаңа жыл қарсаныңда аудан әкімі Талғат Шакиров,аудан әкімінің орынбасары Али Бердешев және мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков қарттар үйіне арнайы барып, қарияларды жаңа жыл мерекемен құттықтады. Аудан басшысы Талғат Асқарұлы жүрекжарды лебізін білдіріп, үлкендерге ізгі тілегін жеткізді.
Шара барысында ауданның көркемөнерпаздары өнер көрсетіп, әсем ән мен сазды әуендер арқылы қариялардың көңілін бір серпілтті. Шырқалған әндер мен жылы жүздесулер үлкендерге ерекше әсер сыйлап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар, аудан басшылығы еңбек ардагерлерінің шаңырағына барып, шынайы құрмет көрсетіп, сый-сияпат табыстады. Кездесу соңында естелік суретке түсіп, тағылымды тағзым жасалды.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы