Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Тасқала аудандық отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті.

Шараға келген тұрғындарға нотариус, сот орындаушысы және Мансап орталығының мамандары тегін кеңес берді. Азаматтар заң саласына қатысты сұрақтарына нақты жауап алып, құқықтық бағыт-бағдармен қатар, жұмысқа орналасу мен еңбек нарығындағы мүмкіндіктер жөнінде толыққанды мәліметке ие болды.

Орталық мамандары атап өткендей, мұндай кездесулер халыққа құқықтық көмек көрсетіп қана қоймай, қоғамда заң мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді. Іс-шараға қатысқан тұрғындар мамандардың кеңесіне ризашылық білдіріп, алдағы уақытта да осындай ашық есік күндерінің жиі ұйымдастырылуын сұрады.
Ел Аман,
Тасқала ауданы