31.05.2024, 17:40
Оқылды: 98

Тасқала ауданында «ЭтноLand» жазғы лагері басталды

Ес білген сәттен бастап-ақ, өзің өсіп- өнген туған жердің қадір-қасиетін терең түсініп, жоғары бағалайсың. Ондағы елеулі оқиғалардың бірін де қалыс қалдырмай сараптайсың. Тасқала ауданындағы адам бойындағы сондай жоғары құндылықтарды дәріптейтін әрі дамытатын жобаның бірі және бірегейі – «ЭтноLand» жазғы этно-лагері. Аталмыыш лагерь аудандағы барлық мектепті ашылды.

a50d3bc7-d266-4455-ad96-9a6444290a23

Ерекшелігі, демалатын балалар құрақ құрау, қамшы өру секілді халық қолөнерін меңгеріп, ұлттық ойындарды үйренеді.

Ұйымдастырушылар:

«Бұл – ұлттық санасын ояту үшін қолға алынған жазғы лагерь», – дейді.

Атамекен орта мектебі жанынан ашылған «ЭтноLand» жазғы этно-лагерінде оқушылар алты күн тынығып, ата дәстүрді тереңірек меңгермек. Бірі асық атып, енді бірі тоғызқұмалақ ойнаса, өзгелері бозкілемде иық тірестіреді. Қазақтың әні мен күйін тыңдап, ұлттық киімдердің ерекшелігімен танысады. Лагерьде қазақ әндері мен күйлері, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық ойындар бағыттары бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

e85ab321-0ac7-4134-a3bc-91dcf78e69c6

Жобаны жүзеге асыру кезінде мектеп ауласына киіз үй тігіліп, ата-аналармен ынтымақтастық орнатты. Лагерьде шынығушы қыздар жүн түту, ұршық иіру, кесте тоқу, құрақ құрау, құрт жасау, астың нанын илеу секілді жұмыс жасаса, ұлдар қамшы тоқу, қой қырқу, қойды мүшелеп сою, ер-тұрман құралдарын жасап үйрену бағытында еңбектенбек.

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале