Наурыздың мерекелік онкүндігінде 17 наурыз - «Шаңырақ күні» деп белгіленді. Осыған орай Тасқала ауданына қарасты Мереке ауылында «Күміс кереге» атты күміс той иелерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Отбасылық құндылықтарды дәріптеп жүрген отбасыларды жастар арасында насихаттауды, отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуды биік қоятын жанұлярды үлгі етуді көздеген шараға округ әкім Мэлс Нәріков, аналар кеңесінің төрайымы Дидар Меңдіғалиева, "Мереке" бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Бахашев отасқандарына 25 жыл толған күміс той иелері Альмурзиндер және Сүгіралиевтер жанұялары, ауыл тұрғындары қатысты. Шарада ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпынан сыр шертетін әңгімелер айтылып, бүгінгі таңдағы отбасы құндылығының маңыздылығы сөз болды.
Шара барысында сөз алған ауылдық округ әкімі Мэльс Нәріков атаулы күнмен жиналған қауымды құттықтап, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ күміс той иелеріне аудан әкімінің орынбасары С.Галиеваның атынан алғысхат табыстады.
Болатбек Сапарғалиев,
Тасқала ауданы