Наурызнама онкүндігінің бірі «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, оның ұмытылып кетуіне жол бермеу кез-келген қазақ халқының парызы. Осыған орай аудан орталығындағы білім ұяларында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Дәлірек айтсақ, Қ.Сатпаев атындағы орта мектептің оқушылары мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Тұсау кесу» дәстүрін көрсетті. Тұсау кесу – баланың алғаш қадамын құтты қылу, оған ақ жол тілеу мақсатында жасалатын дәстүр.
Іс-шара барысында арнайы дайындалған қазақы бесікке бала жатқызылып, тұсауы ала жіппен кесілді. Тұсаукесер рәсімін мектебіміздің ардақты ұстазы жүргізіп, бүлдіршінге ақ батасын берді. Ал, Садық Жақсығұлов мектебінде «Ұйқы ашар», «Селт еткізер» рәсімінің көрінісі көрсетіліп, балаларға салт -дәстүрліремізді дәріптеу рәсімі жайлы түсінік берілді. Бұл дәстүр Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жас жігіттердің бойжеткендерге сыйлық ұсынуымен ерекшеленеді. Мұндай сыйлықтар қыздардың көңілін көтеріп, мерекенің шаттыққа толуын қамтамасыз етеді.

Іс-шара барысында мектеп мұғалімдері мен оқушылары осы дәстүрді сахналық қойылым арқылы көрсетіп, оның тәрбиелік мәнін түсіндірді. «Ұйқы ашар» дәстүрі Наурыз мейрамының тағы бір ерекше рәсімі саналады. Бұл күні қыздар да жігіттерге арнап дәмді тағамдар әзірлеп, сый-сияпат жасайды. Мектеп ұстаздары осы дәстүрді сахналап, оқушыларға оның маңызын ұғындырды. Сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі “Бесікке салу” салт –дәстүрін көрсетті. Мұндағы мақсат Қазақ ұлтына тән салт-дәстүрлердің ішінде көнеден келе жатқан жоралғылардың бірі – бесікке салу рәсімін насихаттау, оны өскелең ұрпаққа түсіндіру. Баланың бесігіне жын-шайтан жоламас үшін әуелі адыраспанмен аластап, кейін нәрестені бесікке салады. Бұл дәстүрді елге беделді, жасы үлкен, көп балалы, ақ жаулықты әже орындау керек екенін айтып жеткізді. Сонымен қатар «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушыларының "Ерулік беру" рәсімі шағын көрініс түрінде ұсынылды.

Шара барысында дәстүрдің мәні ерулік беру дәстүрі қазақ халқының даналығы мен ерлікке деген сенімін білдіреді. Бұл рәсім арқылы оқушылар өздерінің рухани жетілу жолындағы алғашқы қадамдарын бекітіп, ұлттық болмысқа тән қасиеттерді – адалдық, қайсарлық, өзара құрмет пен бірлікті ұстануды насихаттайды.
Жалпы өткен шаралардың барлығы да жасұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру мақсатында өрбіді.
Назерке Шайхолла,
Тасқала ауданы