6.03.2025, 18:00
Оқылды: 212

Тасқала ауданында шырайлы кездесу өтті

Аудандық мәдени-демалыс орталығында ерекше жандармен шырайлы кездесу өтті.

Аталмыш басқосуға аудан әкімі Талғат Шакиров, аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез,аудандық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахметжан Губайдуллин қатысты. Әдемі дастархан басында бас қосқан нәзік жандыларды халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаған аудан басшысы ақ жарма тілегін арнады.

image-06-03-25-04-55

- Қымбатты арулар, халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында өздеріңізбен кездесіп, жүзбе-жүз отырып құттықтағанды жөн көрдім. Сондықтан баршаңызға мереке құтты болсын! Әйел-Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры. Әйел қай уақытта да ерлермен бірге иық тіресе еңбек етіп, қоғамның дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді. Үйге де түзге де үлгеріп, бала тәрбиесімен де айналысуға уақыт тауып жүрген сіздердей аналарымыздың барын мақтан етеміз. Аман жүріңіздер, - деді Талғат Шакиров өз сөзінде.

Кездесу барысында келелі әңгіме өрбіп, арулар өздерінің алғыстарын білдіріп көкейде жүрген ойларымен бөлісті. Шараның өтуіне аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен мүгедектер қоғамы бірлестігі мұрындық болды. Шара соныңда аналарға сыйлықтар табыс етіліп, естелік суретке түсті.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале