Бүгін Тасқала ауданының орталық базарында жәрмеңке ұйымдастырылды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесінің ауыл тұрғындары үшін маңызы зор. Жәрмеңкеде қой мен сиыр еті, сондай-ақ жұмыртқа, сүт, қаймақ және сары май тұрғындарға ұсынылды.
Аталмыш жәрмеңкеде Тасқала, Амангелді және Ақтау ауылдық округтерінің ауыл шаруашылық өнімдері шығарылып, қол жетімді бағамен сатылды.
Алдағы уақытта ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі бұдан да ауқымды түрде ұйымдастырлатын болады.
Екпін газеті