19.12.2025, 15:45
Оқылды: 13

Тасқала ауданының Атамекен ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

Атамекен ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған нысан өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауылдық елді мекендердегі өртке қарсы инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған.

841c2c0b-16e6-451b-b5b9-6b0a863c38d4

ecee5a85-23ec-4a6f-8d55-d93843590b1d (1)

Шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев пен БҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Жанболат Жаншин,  аудан әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллин мен аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, Қазақстан ауылдық округінің әкімі Ержігіт Распаев  және Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Алдымен Еліміздің Гимні ойнап, салтанатты шараға жиналғандар көк Туымызға қарап сап түзеді. Содан соң, Комитет төрағасы, полковник Ерлан Абылайұлы сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Қолдау білдірген аудан әкімдігіне ризашылығын жеткізді.   Ауыл әкімі Ержігіт Распаевқа өртке қарсы қолданылатын арнайы техниканың кілтін салтанатты түрде табыстады.

Аудан әкімінің орынбасары Рауан Бисенғалиұлы да сөз алып,  аталмыш нысанды салудағы мақсатқа тоқтала кетті.

-Құрметті ауылдастар, алғаш рет облысымызда «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында осындай үш бекет салынған болса, соның біреуі міне, бүгін Атамекен ауылында ашылып отыр. Биыл, аудандық бюджеттен 28 млн, тенге қаржы бөліп қыркүйек айында құрылысты бастаған болатынбыз. Қазір міне, жұмыстар толықтай аяқталып, аталмыш нысан халық игілігіне пайдалануға берілуде. Бұл ең алдымен ауылдың қауіпсіздігі үшін маңызды. Сонымен қатар, ауылда мал ұстап отырған ағайындар үшін өрт кезінде  мал азығын сақтап қалуға үлкен мүмкіндік. Айта кетейік, бұл тек Қазақстан ауылдық округінің аумағы ғана емес қасында жақын орналасқан елді-мекендерді де қамтитын болады-деді Рауан Бисенғалиұлы өз сөзінде.

Бұлл өрт сөндіру пункті тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін болады.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале