Тасқала ауданы әкімі Талғат Шакиров аудандық ардагерлер кеңесінің жанындағы Әжелер алқасының төрайымы Аққаным Меңдіғалиеваны қабылдады.

Оған облыстық мәслихат депутаты Нұртай Жұмашев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков, аудандық мәслихат депутаты Жанар Бисенғалиева, аудан әкімінің орынбасарлары Рауан Рахметуллин мен Саягүл Галиева және әжелер алқасының мүшесі Қарлығаш Таскалиева және Тасқала ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Мақсат Залиев, сондай- ақ, ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез қатысты. Талғат Асқарұлы аудан экономикасының дамуына үздіксіз үлес қосып жүрген мерейтой иесін 75 жасымен құттықтап, алғысхатпен мараттады, иығына камзол жапты. Одан әрі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков Аққаным Ислямқызының кеудесіне «Тасқала ауданының құрметті ардагері» төсбелгісін тақты.

Аққаным Ислямқызы, 1950 жылы 9 мамырда Орал облысы Зеленов ауданы, Цыганова ауылында дүниеге келген.1964 жылы Цыганов орта мектебін тәмамдап, Орал медициналық училищесіне оқуға түскен. 1967 жылы Камен ауданы, Қисықсай ауылында медфельдшер болып алғашқы еңбек жолын бастаған. Содан кейін араға жылдар салып Қазақстан ауылдық округінде мәдениет үйінің директоры қызметін атқарды. 2008 жылы зейнетке шықты. Аққаным Меңдіғалиева еңбек демалысында болса да қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып келеді. Аудан орталығындағы "Ақтілеу" халықтық әжелер ансамблінің мүшесі, биылдан бастап әжелер алқасының төрайымы болып жұмыстанып келеді.
Назгүл Жәрдемова,
Тасқала ауданы