Warning: session_start(): open(/tmp/sess_v4fa52ojdbqns0i15kepp5gu5o, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Тасқала ауданының Өркен ауылыны табиғи газ берілді  - официальные новости ЗКО
31.12.2025, 16:45
Оқылды: 228

Тасқала ауданының Өркен ауылыны табиғи газ берілді 

Ауданымызда тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауылдық елді мекендердің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Әлеуметтік маңызы зор бұл жоба бүгінде өңір дамуының басты бағыттарының біріне айналып отыр.

Биыл аудан әкімі Талғат Шакировтың қолдауымен Алмалы, Еменжар, Жігер елді мекендері көгілдір отынға қосылған болатын. Жыл соңында көптен күткен қуаныш Өркен ауылының тұрғындарына да бұйырды. Өйткені, бірнеше жылдан бері көтеріліп келген мәселеге нүкте қойылып, жаңа жыл қарсаңында табиғи газ ресми түрде іске қосылды. Бұл жаңалық ауыл халқы үшін тұрмыстық қолайлылық қана емес, экологияны жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.

WhatsApp Image 2025-12-31 at 16.42.20
"AMANAT" партиясының "Халықпен бірге!" атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы бойынша және партияның сайлауалды бағдарламасы аясында халықтың сапалы өмір сүру қызметін қамтамасыз ету бағытында Өркен ауылының көгілдір отынға қосылуына арналған салтанатты шараға аудан әкімі Талғат Шакиров арнайы қатысып, тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады. Аталмыш шараға аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, мердігер компания Газстрой ЖШС директоры Александр Гасилин, "AMANAT" партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева мен аудан әкімінің орынбасарлары Рауан Рахметуллин және Әли Бердешев, сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаты Есенмұрат Көшербаев, Мерей ауылдық округінің әкімі Орынбек Насимуллин, Мерей БПҰ төрағасы Артур Дүйсенов пен ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан басшысы өз сөзінде газдандырудың негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жеңілдету, қатты отынға тәуелділікті азайту, қоршаған ортаны қорғау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру екенін атап өтті.
- Бүгін жаңа жыл қарсаңында ауылға көгілдір отын келіп, барлығымыз да қуанып жатырмыз. Бұл көптен күткен қуаныш десек те болады. Өйткені бұл жұмыстың қолға алынғанына 13 жыл уақыт өткен. Биыл, сол жұмыс толықтай аяқталып, тұрғындардың қолданысына берілді. Ол, облыс басшысы Нариман Төреғалиұлының қолдауымен, "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында іске асып жатыр. Биылғы жылы біз төрт елді-мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етсек, алдағы жылға Ақтау ауылына қарасты Ақкүтір елді мекені жоспарда тұр Сол жұмыс толықтай аяқталса аудан бойынша газбен қамту 100 пайызға орындалатын болады.
Құрметті ағайын, міне, санаулы уақыттардан кейін бұл жылымызда өзінің жақсы жаңалықтарымен тарих қойнауына енбек. Ал, келер жылымыз одан да жақсы жаңалықтарымен басталып, үлкен жетістіктерге жеткізсін. Елімізде тыныштық пен молшылық болсын. Үлкендеріміз аман болып, бүлдіршіндеріміздің жүздерінен күлкі кетпесін. Қыстан аман шығып, ауданымыз көркейе берсін дегім келеді - деген аудан әкімі Талғат Асқарұлы осы жұмыстың басы-қасында жүрген Өркен ауылының ауылнайы Мұрат Абилов пен бас мердігер Александр Гасилинге алғыс хат табыс етті.

WhatsApp Image 2025-12-31 at 16.42.19 (1)

Одан әрі, ауылнай Мұрат Абилов сөз сөйлеп, көгілдір отынды ауылға жеткізуге атсалысқан барша жандарға тұрғындар атынан шынайы ризашылығын білдірді.
Ал ауыл тұрғыны Ғалымжан Қуанышұлы, өз ойымен былайша бөлісі.

- Бүгін ақ түйенің қарыны жарылып, ауылымызға Алланың қалауымен көптен күткен газымыз келіп жатыр. Ол аудан әкімі Талғат Асқарұлының қолдауымен іске асты десек артық болмас. Қазіргі таңда үкімет тарапынан берілген жақсы бағдарламалардың арқасында тұрғындардың өмір сүру сапасы артып келеді. Яғни, ауылда барлық жағдай жасалуда. Тек еңбек етемін деп жалындап тұрған жастар болса осы жерге келіп Жер ананың төсін еміп, мал бағып, егін салса нұр үстіне нұр болар еді. Бүгінгі қуанышымызда шек жоқ. Барша қол ұшын беріп көгілдір отынның жетуіне атсалысқан жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ десе, ауыл тұрғыны Нұрғаным да үйге көгілдір отынның кіргеніне қуанышты.
Бұл күнді ауыл болып ұзақ күттік. Биыл міне, сәті түсіп, табиғи газ үйімізге кірді. Үй жылы болса, береке де, бірлік те болады. Бұрын көмір тасып, отын түсіріп қыс қамына ерте кірісетін едік. Енді біздің де қолымыз босап, асханамызда «көгілдір отынның» маздап тұрғанына қуаныштымыз, – дейді ол.

WhatsApp Image 2025-12-31 at 16.42.19
Ия, өркендіктер үйді жылыту үшін көмір іздеп, күл шығарумен әбігерге түспейді. Газ қосылғаннан кейін ауылдың келбеті де, тұрғындардың көңіл күйі де өзгермек. Көгілдір отынның келуі – бір ғана ауылдың емес, бүкіл өңірдің өркендеуінің белгісі. Ауданның инфрақұрылымы да жыл санап дамыса, халықтың тұрмыс деңгейі де арта береді. Сондықтан, Өркен ауылының бүгінгі қуанышы мен ертеңгі күні басқа елді мекендерге де жұғысты болатын жақсылықтың нышаны.
Осылайша 2025 жылды тасқалалықтар жағымды жаңалықтарымен аяқтап, жаңа жылға қадам басты.
Назгүл Серікқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале