ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері №330 референдум учаскесіне ұйымшылдықпен келіп, өз таңдауларын жасады.

Тасқала шекара бөлім әскери қызметшісі Ербол Бишеновтың айтуынша, елдегі саяси өзгерістер әрбір азаматтың белсенді қатысуын талап етеді. «Еліміздің жаңа бағытқа, Жаңа Қазақстанға бет алғаны баршамызға мәлім. Мемлекеттің болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат референдум учаскесіне келіп, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістерді қолдап, өз таңдауларын жасауда. Конституцияның уақыт талабына сай жаңарып отыруы-қалыпты құбылыс деп санаймын. Жаңа Қазақстан бір күнде құрылмайды, бәрі бір мезетте дамып, гүлденіп кете қоймайды. Ол үшін әрқайсымыз жауапкершілікті сезініп, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірге алға қадам басуымыз қажет. Бүгінгі референдум-соның бастамасы. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді халқымыз. Ендеше, бірлесе еңбек етсек, алынбайтын асу болмайды»,- дейді Ербол Әлібекұлы.
Шекарашылар елде өтіп жатқан саяси науқанның маңыздылығын терең түсінеді. Сондықтан олар референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауларын жасауға бір кісідей атсалысты.
Болат Бек
Тасқала ауданы