Бұл туралы Тасқала ауданы әкімі халық алдындағы есеп беру жиналысында айтты.
-«Лайгэ» ЖШС тапсырыс берген жаңа нысанды «Кульман» ЖШС жобалауда. Алдағы жылы бой көтеріп, пайдалануға берілетін құрылысқа 620 млн.теңге қаржы бөлінді. Бұл жұмысты аз уақытта бітіруге тырысамыз. Себебі балабақшаға баратын бөбектердің қатары көп. Бірнеше жылдан бері кезекте тұрған бөбектердің мәселесі шешімін таппай келеді. Сондықтан аудан үшін балабақшаның қажеті зор болып тұр,- дейді аудан әкімі Алдияр Халелов.
Назгүл Жәрдемова,
суретті түсірген Темірболат Тоқмамбетов
Тасқала ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер