14.03.2025, 23:35
Оқылды: 22

Тасқалада Амал мерекесін атап өтті

Көрісу – ең ізгі мерекелердің бірі. Бұл күні жақын-туыстар бір бірін іздеп, қонаққа барып, жаңа жылдың келуімен құттықтайды. Әсіресе қариясы бар үйлерге төбе көрсетіп, амандығын біліп көрісіп шығады.

699bd8d9-c39f-4dba-9e44-d97d36337a59
Аталмыш мерекеге орай «Жасың құтты болсын!», «Бір жасыңмен!» деген тілектерде жиі айтылады. Сол күнгі таңнан бастап, үлкен-кішіге бірдей мерекелік көңіл күй анық сезіліп тұрады. Бала кезімізден үйдегі үлкендер ерте оятып, көрші-көлемге, жақын-туысқа көрісіп келуге жіберетіні есімізде. Барған үйдің ата-әже, аға-апалар баталарын беріп тәтті дәмнен ұсынады. Осының бәрі – елді ынтымақ, бірлікке, тәртіпке шақыратын амалдар.

3cd63785-de31-4005-8133-29a266fc461c

Бүгін осы Көрісу айт мейрамына байланысты мәдени-демалыс орталығында Амал мерекесіне орай шараға Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, мәслихат төрағасы Жанар Бисенгалиева, ауданымыздың ақсақалдар алқасы, әжелер алқасы, халықтық «Ақтілеу» әжелер ансамблі, бөлім басшылары қатысты.

497e0aff-d6d5-4ae0-b956-cf05c8be72dc

«Амал мерекесімен құтты болсын! Аман-сау болып жүре беріңіздер, ұзақ ғұмыр тілейміз. Дендеріңізге саулық, осылай ақ баталарыңызды беріп, немере-шөберлеріңіздің қызығына тоймай жүре беріңіздер, - деді аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева.

Қоғамда зор еңбек сіңірген ардагерлеріміз ақ баталарын берді.

Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале