10.11.2020, 16:50
Оқылды: 55

Тасқалада ардагерлер саябағы ашылды

Өткен аптада аудан орталығында «Ардагерлер саябағының» ашылу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Алдияр Халелов, ардагерлер қауымы және мекеме басшылары қатысты.

саябақ 1

Құттықтау сөз алған аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков барша қатысушыларды құттықтап, шынайы алғыстарын білдірді. Шара барысында қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бақтығұл Тасмағамбетов пен өлкетанушы Ғалым Хисаметдинов ашылу рәсімінің лентасын қиды. Аталмыш шара көгалдандыру жұмысымен жалғасып, ағаш көшеттері отырғызылды. Ардагерлер саябағының ашылу салтанатына қатысқан қонақтар соңынан естелік суретке түсті. Былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Асқар Ликеровтың демеушілігімен 750 мың теңгеге Семей полигонында, Чернобыль апатында зардап шеккендер мен Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне ескерткіш орнатылған болатын. Биыл жергілікті бюджеттен бөлінген 9 миллион 30 мың теңгеге «Ардагерлер саябағы» ашылып отыр. Саябақтың құрылыс жұмыстарын мердігер компания «Сарман Инвест Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп, толығымен аяқтады.

саябақ

– Бүгінгі саябақтың ашылуы мені өте қуантты. Осындай іске ұйытқы болып отырған аудан басшылығына рахмет. Барша ауыл тұрғындарын құттықтаймын. Алдағы күндердің бірінде немере, шөберелеріммен келіп осында серуендейтін боламын, - дейді Амангелді ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің орынбасары Тельман Маширов.

Ендеше, сол игі істің жалғасы іспеттес бұл саябақ алдағы уақытта тасқалалықтардың жұмыстан бос уақытта таза ауада тынығып, демалуына және көңіл көтеруіне септігін тигізетіні сөзсіз.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале