Облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева жұмыс сапарымен Тасқала ауданы орталығында болып, азаматтардың мәртебесін нақтылап, бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Кездесуді аудан әкімі С.Әлиев жүргізді. Шараға БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қ.Айтмұхамбетов, аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, мекеме және бөлім басшылары қатысты.
Жиын барысында аудан бойынша азаматтардың мәртебесін анықтау, әлеуметтік серіктестік, еңбек қатынастарын реттеу, жұмыс берушілермен кәсіпкерлердің арасында келісім шарттардың жасақталуы бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды. Сондай-ақ жұмыс атқарылуда кездесетін қиындықтар мен оны шешу жолдары, халық арасында мәлімет тарату сөз болды.
Нұрсейіт БЕЛГИН,
Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы