15.03.2024, 10:15
Оқылды: 51

Тасқалада байланыс басты назарда тұр

Қазіргі заманда байланыс адамзат үшін су, жол секілді базалық қажеттілікке айналды. Осыған орай Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров байланыс операторлары «NBA TELECOM» ЖШС-ның өкілдерімен кездесті.

байланыс фото

Жиында ауданды байланыспен қамтамасыз ету, оның сапасын арттыру бағытындағы жүргізілген жұмыс тілге тиек болды. Аудан басшысы Талғат Асқарұлы:

- «2023 жылы бірнеше ауылда базалық станциялар жаңартылып, Айнабұлақ ауылы 4G байланысымен қамтылды. II Шежін және Мереке ауылдарының тұрғындары жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді. Сонымен бірге, «Востоктелеком» ЖШС-ның қаражаты есебінен Кеңжайлау және Ынтымақ ауылдарына кеңжолақты интернет қосу жоспарланған болатын. Алайда, әкімшілік рәсімдердің дұрыс жүргізілмеуіне байланысты бұл жұмыстар кейінге қалдырылып, күні кеше ғана аяқталды. Нысан «Қазақтелеком» АҚ-ға пайдалануға берілді. Осындай жұмыс үнемі жүргізіледі, - деді.

Кездесуге жиналғандар алдағы жоспарлар мен жаңа мүмкіндіктерді зерделеді. Сондай-ақ аудан орталығында жаңа байланыс инфрақұрылымын құру, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бейнекамералар жүйесін жасақтау жөніндегі жобаны талқылады.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале