Жаңақала аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 50 жылдық мерейтойына орай баскетболдан 2004 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудан біріншілігі өтті.
Қыздар арасында өткен жарысқа 6 командадан 58, ұлдар арасында бес командадан 47 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысында қыздар арасында жүлделі I орын Ақтау орта мектебінің командасына бұйырса, II орынды Амангелді орта мектебі еншіледі. III орынға БЖСМ-2 командасы жайғасты.
Осы жарыста «Үздік ойыншы» аталымы амангелділік К.Шариповаға, «Үздік шабуылшы» аталымы ақтаулық Д.Бақытжановаға, «Үздік ортаңғы ойыншы» аталымы БЖСМ-2 командасының мүшесі М.Утешкалиеваға бұйырды. «Үздік қорғаушы» аталымын амангелділік А.Ергалиева жеңіп алды.
Ұлдар арасында өткен сайыста I орынды БЖСМ-2 командасы, II орынды «Сәулет»мектеп-лицейі, III орынды Ақтау орта мектебінің командасы жеңіп алды. Сондай-ақ «Үздік ойыншы» аталымы БЖСМ-1 командасының мүшесі Б.Амангелдіге, «Үздік шабуылшы» ақтаулық А.Утегалиевке, «Үздік ортаңғы ойыншы» «Сәулет» мектеп-лицейі командасының мүшесі А.Есеналиевке, «Үздік қорғаушы» БЖСМ-2 командасының мүшесі Д.Кушеновке бұйырды.
Назгүл ЖӘРДЕМОВА,
Тасқала ауданы