11.08.2023, 15:45
Оқылды: 26

Тасқалада «Clean House» қызмет көрсетеді

Қазіргі таңда кілем жуу кәсібі өрге домалап тұр. Сондай қызмет көрсететін орынның бірі – Тасқала ауданындағы «Clean House» жеке кәсіпкерлігі.

Еңбекке ынталы жастар аталмыш кәсіпті өз қаражатымен бастаған. Ауданда бұрын мұндай сапалы қызмет түрін көрсететін арнайы орталық болмаған. Кілемнің сапасын, түр-түсін сақтап қалу үшін сапалы сусабындарды пайдаланады. Арнайы Алматы қаласынан тапсырыс береді екен. Кәсіпкердің айтуынша, кейінгі кезде тапсырыс көлемі ұлғайған. Орталыққа қажет қосымша құрылғылар алған. Күніне 15-20 кілем жуады. Қызметінің сапасына жіті мән беретін ерлі-зайыпты Шоназар Наджимов пен Ақкенже Түлемесова үшін бастысы – халықтың сенімі мен риза көңілі.

IMG_4746

Олар кілемді арнайы сертификаты бар, гипоаллергенді сусабындармен тазалап, жууға түрік өнімдерін ғана пайдаланады. Бүгінде аудан халқына қызмет көрсетіп отырған жеке кәсіпкерлер кілемді көлікпен алып кетіп, жеткізіп береді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға және жалғызбасты аналарға тегін қызмет көрсетеді. Көктемгі су тасқыны кезінде суға кеткен үйлердің кілемдерін 50% жеңілдікпен жуып берген. Алыс-жақынға қарамастан, жылдың қай мезгілінде де қызмет көрсетеді.

Пікірлесу кезінде Ақкенже Түлемесова кілем жуу процесін де көрсетті. Ең тиімдісі – жеткізу тегін. Кілем жуу аппарат арқылы жүргізілгенімен, ондағы жүктеме де, жауапкершілік те жоғары екеніне барған кезде көзім жетті. Себебі алдымен кілемді қолмен жуып, содан кейін барып аппаратқа салатын көрінеді. Тазалауға әкелген кілемнің жуғаннан кейінгі түрін көрсеңіз, бір қылау таппайсыз.

IMG_4762

 – Кілем жуу кәсібін 2022 жылы бастадық. Жолдасым екеуіміз өз қаражатымызға жиһаз жуумен айналысып бастап, кілем тазалаумен жалғастырдық. Әлеуметтік желіде жарнама жасадық. Әр тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатымен үнемі ізденіп, қызметіміздің сапалы болуына көңіл бөлдік. Бізге келген тапсырыс еш уақытта кері қайтқан емес. Әр тапсырысқа мұқият қараймыз. Бағасы да тұрғындар көңілінен шығып тұр. Егер ойдағыдай жуып бермесек, келесі жолы біздің орталыққа келмейтін болады. Ал біз істеген дүниеміз сапалы шыққанын қалаймыз. Кілемді өзіміз алып кетіп, апарып береміз. Барлығын тексеріп, қабылдап алады. Тіпті тұрғындар ризашылығын білдіреді. Біз бүкіл аудан, округ, қала бойынша да тапсырыс қабылдаймыз. Негізі ауданда барлық тұрғынды өзіміз қамтып отырмыз. Халық жағдайына қарай бағасын да тиімді жасап отырмыз. Барлық керек құрал-жабдықты Алматы қаласынан алдырттық. Тапсырыс өте көп. Қазіргі ғимаратымыз тарлау. Болашақта кілем жуумен қатар, көлік, сонымен бірге жиһаз жуатын орталық ашсақ дейміз. Жер көлемін үлкейтіп, кәсібімізді дамытқымыз-ақ келеді. Жеті-сегіз адамды жұмыспен қамтып, елге өз пайдамызды тигізсек, – дейді Ақкенже Түлемесова.

IMG_4757

 – Кілемде осынша шаң жиналуы мүмкін екенін біраз адам білмейді. Тіпті шаңсорғыштың өзі кілемдегі шаңды толық алмайды. Әуелі арнайы аппаратпен кілемнің шаңы қағылады. Шаңы қағылған соң кілемнің дақтары зерттеледі. Әлдене төгілген немесе жұққан болса, сол жер бірінші тазаланады. Себебі мұндай дақтар су тигенде жайылуы немесе мүлдем көрінбеуі мүмкін. Одан соң кілем арнайы құрылғымен жуылады. Кілемнің материалына қарай арнайы таңдалады. Осыдан кейін кілем жуғыш аппаратта сығылады. Соңында арнайы камераға ілініп, 8-10 сағат ыстық ауада кебеді. Жуылған, таза кілемдер ең соңында финиш үстеліне жайылып, таралады. Сол кезде кілемді мұқият қарап, тексереміз. Арнайы парфюм сеуіп, орап, пакетпен қаптайды. Дайын кілем үй иесіне жеткізіледі. Қызмет ақысы сол кезде төленеді, – деп сөзін аяқтады Ақкенже Түлемесова.

IMG_4763

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале