Бұл туралы аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы өзінің халық алдында есеп беру жиынында сөз етті. Кездесуге өңір басшысы Алтай Сейдірұлы қатысуда.
-Киров-Шежін каналы Қосшы мен Қазақстан ауылдық округтерінің аумағынан 83,2 шақырым болса, Жайықбай каналының ұзындығы Қазақстан, Шежін, Мереке ауылдарынан 44,9 шақырым. Каналда 19 тоған қазылып, 17 шлюз, 5 көпір жасалған. Канал бойымен келіп тұрған су бау-бақша суаруға, құс шаруашылығын дамытуға мүмкіндік берді. Өкінішке орай, тұрғындар бұл мүмкіндікті пайдаланбай отыр. Сондай-ақ, Шежін және Мереке ауылдық округтерінің аймағынан ұзындығы 19 шақырымға жететін Жайықбай ІІ каналының құрылысы аяқталмай қалған. Бұл канал бойында 5 шаруа қожалығына жер телімдері берілген,- деді аудан әкімі.
Алдияр Сансызбайұлы каналды жөнге келтіру арқылы ауыл шаруашылығы дами түсетіндігін айтты.
Назгүл Серікқызы,
сурет Темірболат Тоқмамбетов
Тасқала ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер