«Нұр» жеке кәсіпкерлігінің иесі Нұр Ғаббасов отбасымен келіп дауыс берді.
«Бүгінгі күн біздің отбасымыз үшін мереке секілді басталды. Тасқала ауданы орталығында орналасқан 330 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық. Бүгін халқымыздың қабылдайтын шешімі еліміздің, балаларымыздың болашағына жол ашады деп сенемін. Мұндай саяси шарадан ешқашан қалған емеспіз. Биылғы референдумның ел дамуындағы орны ерекше», - дейді отбасы мүшелері.
Назерке Шайхоллақызы
Тасқала ауданы